Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Сайт бойынша іздеу

Нәтижелері: E-mail: kymbat.nurtaeva.94@mail.ru М.М. Омаров

Нәтижелер саны: 24


Шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманғы шарттарында агроөнеркәсіптік өндірісте инновациялық технологияларды қалыптастыру
Аңдатпа:

Жұмыста Қазақстанның АӨК болып жатқан инновациялық үрдістердің талдауы жүргізілді және аграрлық өндірісті әрі қарай дамытудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Инновациялық технологияларды қолдану халықты азық-түлікпен қаматамасыз ету, агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау бойынша АӨК әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешудің ең тиімді және іскерлік құралы болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 4(48)

Халықаралық бірлесу жағдайындағы аграрлық нарықтың дамуы
Аңдатпа:

Бұл мақалада Кеден одағы жағдайындағы Қазақстанның аграрлық нарығының даму мəселелері қарастырылған. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді тұрақты дамыту жетістігінің негізгі шарттары мыналар болып табылады: агарарлық өндірісті ішкі қолдау, АӨК саласындағы халықаралық бірігуін нығайту, инновациялық даму, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өткізу нарығын əртараптандыру, қолайлы көлік бағытын жасау.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға ауысу тұжырымдамасын іске асыру үшін бейресми экологиялық білімді дамыту мəселелері
Аңдатпа:

Мақалада аймақтың экологиялық проблемаларын əлеуметтік зерттеу нəтижелері келтіріліп, халықтың экологиялық мəдениетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалған.

Журналдың шыққан жылы:
Журнал нөмірі:

Инновациялық Еуразия университетінің № 1 корпусын жылумен жабдықтауды автоматты түрде реттеу жүйесі
Аңдатпа:

Осы мақалада Инновациялық Еуразия университетінің № 1 оқу корпусының төртқабатты ғимаратын жылуландыру жүйесіне жылу есептемесі берілген. Мәліметтер 1 желтоқсан – 28 ақпан кезеңі аралығында үш маусым бойынша берілген: 2013-2014, 2014-2015, 2015-2016 жылдар. Жылу есептемесі негізінде 1.12.- 28.02. кезеңі аралығында үш маусым бойынша (2013-2014,2014-2015, 2015-2016 жылдар) жылуды нақты және есептік тұтынудың кестелері жасалды. Осы кестелерде екі шама арасындағы айырмашылық жақсы көрінеді. Есеп көрсеткендей, жылуды нақты тұтынудан орташа айырмашылық 13,02 % құрады.

Автор: Н.Д. Хомаров
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 1(61)

Жаңа ет өнімдерін дайындаудың биотехнологиялық әдістері
Аңдатпа:

Мақалада жаңа отандық өнім жасау мақсатында ет өнімін дайындаудың биотехнологиялық әдісі ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде ет өсіргіш компонентін қолданумен ет өнімінің рецепттік құрамы жасалды. Компоненттік құрамның іріктемесі өнімнің қоректік заттары бойынша үйлестірілу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін отандық өндіріс шикізатынан тұрады. Рецептілік құрамға өңдеуші өндіріс өндірушілеріне қалдықсыз өндірісті қолдануға мүмкіндік беретін екінші реттік шикізат енгізілген. Екінші реттік шикізат қоректік құрамы бойынша ешбір шикізаттан кем болмайтындықтан аталмыш құрам алынды. Бірақ өзіндік ерекшеліктеріне байланысты (қатқыл талшықтарына) олар ағзамен қиын таралады. Ал біздің жасаған ноу-хауымыздың нәтижесінде жеңіл меңгерілетін формаға айналады да, өнімге жасалған жаңа өнім түрінің қоректік кұндылығының нәтижесі бойынша сипатталған ерекше қасиеттерді береді.әзірленіп жасалған жаңа өнім ет өнімдерінің түрін кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 3(63)

Павлодар облысы ауылдық округтер әкімдерін оқытудағы құзыреттілік тәсіл
Аңдатпа:

Мақалада Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының материалдарында құзыреттілік тәсіл базасында ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлауды ұйымдастыру қарастырылады.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі өрттерді талдау
Аңдатпа:

Мақала Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі өрттерді талдауға арналған. Талдау 2014-2016 жылдар аралығындағы статистикалық деректер бойынша жүзеге асырылды. Ресейдегі өрттерге жасалған талдаулар мысалға келтірілді.

Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 4(64)

Қазақы жабы жылқысын аталық іздер бойынша жетілдіру
Аңдатпа:

Мақалада жылқы шаруашылығының өнімділігі үшін өте маңызды болып табылатын қазақтың жылқыларымен асыл тұқымды түрдегі асыл тұқымды жұмыстар жүргізу маңыздылығын атап өтті. Павлодар облысының Ертіс ауданындағы «Алтай Карпік Сайдалы-Сартока» селекциялық кентінде «Селетинский зауытының қазақ жылқыларының үлгісі» мысалында асыл тұқымды және өнімділік сапасын жақсарту бойынша іріктеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Балабақшада баланың тілін дамытудың маңыздылығы
Аңдатпа:

Бұл мақалада балабақшада қазақ тілі сабақтарында мектепке дейінгі жастағы балалардың тілінің даму мәселесі қарастырылған. Сондай – ақ тілді өте тиімді дамыту мен қазақ тілін игеру үшін қазақ тілін оқытудың түрлі әдістері қарастырылған. Бұл мақалада төменгі мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудың мақсаты тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері есебімен дұрыс ғана емес жақсы ауызша сөйлеуде болып табылады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет арқылы тілдерін дамыту
Аңдатпа:

Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тілдерін дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Баланың күрделенген іс әрекеті сөйлеу тілін дамыту бірнеше бағыттарда жүреді, олар өзге адамдармен қарым-қатыныста қолдану жетілдіріледі, сонымен қатар сөйлеу тілі психикалық үрдістердің қайта құрылуының негізі, ойлау құралы ретінде болады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлау мәселесінің кейбір қырлары
Аңдатпа:

Мақалада жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге даярлау мәселесінің кейбір қырлары қарастырылады. Қазіргі таңда қоғамның отбасы мен некеге деген ықыласы бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Бұл ықылас отбасының адами тіршілік әрекетінің барлық аясымен байланысқан. Қоғамның орнықтылығы және оның ішкі байланыстарының басымдылығы отбасы институтының жағдайына тәуелді болады.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Қазақтың дәстүрлі тоқыма өнері арқылы оқушылардың рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыру
Аңдатпа:

Берілген мақалада жас ұрпақ тәрбиесіндегі рухани-өнегелік құндылықтарды тоқыма өнері арқылы қалыптастыру мәселесі жан-жақты қозғалды. Оқушылардың рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыру жолдары көрсетілді.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 3(67)

Дәрілік өсімдіктердің каллусын зертханалық жағдайда алу мәселесі
Аңдатпа:

Мақалада Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктердің каллусын зертханалық жағдайда алу мәселесі қарастырылған. Жүргізілген жұмыс барысында каллустарды алу үшін сыртқы орта факторлары мен тиімді жағдайлар анықталды.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

Мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегиялары
Аңдатпа:

Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да, математика оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді. Оқушының ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс. Берілген мақалада осы бағыт қамтылған.

Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 4(68)

Агроөнеркәсіптік кешендегі карбонды жылубөлу материалды қолдану мүмкіндігі
Аңдатпа:

Жылубөлу материал ретінде карбон қабаттары агроөнеркәсіптік кешендегі пайдалану көрсетілген. Бұл айтарлықтай электр энергиясы, экологияны жақсартуға, шығындарды азайтуға және ғимараттарды пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау үнемдеуге мүмкіндік.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 1(69)

Сапа менеджменті жүйесін енгізудегі рөлі мен мәселелері
Аңдатпа:

Мақалада аймқтық университетіңде Нормативтік-техникалық құжаттаманың әзірлеу, ресімдеу, сақтау және пайдалану жүйесін талдау берілген. Нормативтік-техникалық құжаттаманың сапасын бақылауды жақсарту бойынша іс-шаралар, оның ішінде техникалық құжаттаманың сапасын бақылауды жақсарту бойынша жоба ұсынылды.

Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 2(70)

Қоршаған ортаны қаланың теріс әсерінен қорғаудағы жасыл кеңістіктердің экологиялық рөлі: Павлодар қаласы мысалы ретінде
Аңдатпа:

Мақалада қала аумағының қоршаған ортасын теріс әсерлерден қорғаудағы жасыл кеңістіктің экологиялық рөлі қарастырылған. Павлодар қаласының қоршаған ортасына ластаушы заттардың көздері көрсетілген. Антропогендік факторлардың біріккен әсері экологиялық ахуалдың күрт нашарлауына әкелді, әсіресе қалаларда. Қала аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту туралы ұсыныстар айтылды.

Автор: М.М. Поух
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Medusomyces gisevi оптималды комбинациясын талдау
Аңдатпа:

Бұл мақалада титрленетін және белсенді қышқылдықты анықтау, микробтардың санын және саңырауқұлақтарды анықтау әдістері қарастырылған. Комбуха сынамалары, микроскопия және лактобациллидің мөлшерін анықтау жүргізілді.

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Функционалды желе өнімінің биотехнологиялық аспектілері
Аңдатпа:

Бұл мақалада биологиялық белсенді, бифидогендік қасиеттерімен күшті антиоксиданты әсер ететін функционалды өнімді жасау идеясы талқыланады. Авторлар иммобилизацияланған пробиотиктерді қосып, теңіз балдыры мармеладының тұжырымын ұсынады. Тәжірибелік үлгілерде пробиотиктерді енгізудің әртүрлі әдістері қолданылады және олардың дайын өнімдегі өміршеңдігі одан әрі бағаланады. Органолептикалық сипаттамалары бойынша үлгілер жағымдыдәм, иіс, өзіндіктүс, желатинді консистенцияға ие. Жақсы өміршеңдікті гельге енгізу арқылы иммобилизацияланған микроорганизмдер көрсетті

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Жергілікті ешкі тұқымының өнімділігіне будандастырудың әсері
Аңдатпа:

Мақалада таулы-Алтай ешкі тұқымының бейімделгіш пен өнімділік қасиеттерін және олардың нақты климаттық жағдайдағы тұқымдарын және будандарының нәтижелері көрсетілген. Таулы-Алтай ешкі тұқымын әкелу және оны Қазақстанның солтүстік-шығыс жағдайында одан әрі өсіру мүмкіндігі анықталды

Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)

Тауықтарға арналған азық қоспасының бөлігі ретінде Artemiasalina жемдік қоспасын қолданудың тиімділігі
Аңдатпа:

Аналық малды және одан да маңыздысы, оны өсіру кезеңінде ұтымды және дұрыс азықтандыру байқалса ғана, құстың генетикалық әлеуетінің дамуы, сондай-ақ жинау немесе одан әрі инкубациялау үшін жоғары сапалы жұмыртқалар алу мүмкін болады. Бұл кезеңде жоғары сапалы ақуызды қоректену маңызды орын алады, бұл құстың өнімділік деңгейін, тұрақты өсуін, ұрпақты болу қабілетін, сондай-ақ азықтандыру кезеңінде денсаулық жағдайын анықтайды. Негізгі қызметі сүтті және етті малдарды өсіруге бағытталған ауыл шаруашылығы жерлері үшін белок тапшылығы әрқашан өзекті мәселе болып қала береді. Осыған байланысты дәстүрлі емес протеиндік жемдерді пайдалануды іздеу бойынша зерттеулер қажет. Құстарды нәруыздық және аминқышқылды қоректену саласындағы қазіргі жетістері және оның түрлі ерекшеліктерін ескере отырып қорытындылайтын болсақ, өнеркәсіптік өндірісте азықтық қоспаларды ала отырып ең тиімді жолын табуға болады. Сипатталған зерттеулерге сүйене отырып жұмыртқа-ет бағытындағы тауықтардың рационында шаянтәрізділерден Artemiasalina жемдік қоспасын қолдану мүмкіндігін, оңтайлы дозасын тәжірибелік негіздеу мен тиімділігін зерттеуге бағытталған. Негізгі мақсаты – өнімділігінің жұмыртқа-ет бағытындағы тауықтардың рационында шаян тәрізділерден Artemia salina жемдік қоспасын қолдану мүмкіндігін, оптималды дозасын тәжірибелік негіздеу және тиімділігін зерттеу. Мақаланы жазу барысында қолданыланған әдістер: теориялық ақпаратты талдау және жалпылау. Бұл мақалада теориялық материалды талдау және жалпылау нәтижелері берілген. Теориялық маңыздылығы оның өзекті мәселелерді шешуге, отандық құс өнімдерінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттыруға тікелей байланысты ғылыми-практикалық мәселелерге инвестициялануымен анықталады.

Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Өсімдік шикізатын алу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы
Аңдатпа:

Жалпы фитопрепараттарды жасау технологиясында дәрілік өсімдікке тән биологиялык белсендi заттардың кешенін ауқымды түрде алу ұсынылды. Қолданыстагы фитопрепараттарды прогресивті өнеркәсіпте өндіру технологиялары белсенді заттардың әр түрлі топтары үшін, шикізаттың жеткіліксіз сақталуына байланысты экстракия тиімділігі кейбір жағдайларда 40-50%-ға жетеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты шикізаттың тапшы түрлерін ұлпа мәдиниеті аркылы алудың тиімді әдістерін жасау және фитопрепараттардың жаңа технологияларын жасау - өзекті ғылыми-тәжірибелік мәселе болып табылады, оның шешімі фармацевтикалық технологияның дамуына ықпал етіп денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттардың өндірісін ұлғайту . Дәрілік өсімдік шикізатының биологиялык белсенді заттарын алудың тиімді және ұтымды технологияларын анықтау. Өсімдік шикізатының биологиялык белесенді заттарын алу әдістерін зерттеуге бағытталған мақала. Осы баяндаманы жазу үшін 73 мақала карастырылды.Оның ішінде 14 маңызды емес құжаттар кері қайтарылды. Осы шолудың негізінде еріткіш пен экстракция дәрілік өсімдіктердің белсенді компоненттерін алудың ең көп тараған әдісі болып табылады . Ал ферментивті гидролиз және суперкритикалық экстракция жоғары шығымдылығымен озық әдісі болып есептеледі. Өткізілген зерттеулер биологиялық белсенді заттарды алу үшін дәрілік өсімдік шикізатын әзірлеудің ең перспитивалық әдісін аықтауға мүмкіндік берді

Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Ешкі сүті негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқылар әзірлеу
Аңдатпа:

Ешкі сүті негізінде сүт өнімдеріне арналған ашытқылар әзірлеу

Журналдың шыққан жылы: 2021
Журнал нөмірі: 4(84)

Павлодар қаласының сауда орындарынан алынған қымыздың микробиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттеу
Аңдатпа:

Негізгі мәселе: Адамның денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізгі кілті - органикалық таза тамақ өнімдері мен сусындарды пайдалану. Семіздікке қарсы алдын-алу және диеталық терапияға ерекше назар аударылады, қант диабеті, туберкулез, асқазан жарасы, жүрек-тамыр және әртүрлі жүйке аурулары, жүрек ишемиясы және гипертония, яғни метаболикалық бұзылулармен байланысты аурулар.Қымыздың адам тамағының диеталық сапасын арттырудағы рөлі өте маңызды. Өйткені олардың құрамында ағзада синтезделмейтін көптеген маңызды заттар бар.Бұл халықтың денсаулығын сақтаудың ең қарапайым және тиімді әдісі. Мақсаты: Павлодар қаласының сауда орындарындарынан алынған қымыздың микробиологиялық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерттей отырып адам денсаулығына пайдалы қымызды таңдау: қымыздың құрамы мен тағамдық құндылығын зерттеу; Павлодар қаласы сауда орындарындағы қымыздың органолептикалық қасиеттерін зерттеу; қымыздан бөлінген микроорганизмдердің культуралық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу. Әдістері: Қымыздың оргоналептикалық, физико-химиялық көрсеткіштерін және қымыздан бөлінген микроорганизмдердің культурасын және морфологиялық қасиеттерін классикалық әдістерді қолдана отырып зерттедік. Зерттеу циклі бiрнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Бірінші кезенде ұлттық қышқыл сүт сусындарынан органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері анықталып келесіде, микроорганизмдер бөлу жүргiзiледi. Қымыз ұлттық қышқыл сүт сусыны пайдаланды. Бұдан әрі бөлінген микроорганизмдердiң культуралық және морфологиялық қасиеттері зерттеледі. Бие сүтін қымызға ашыту бірқатар микроорганизмдердің әсерінен жүреді, олардың арасында сүт қышқылды бактериялары (таяқшалар) және қымыз ашытқысы маңызды рөл атқарады сол ашытқылар «Сүт» АҚ кәсіпорын лабораториясында зерттелді. Осы микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің арқасында сүтте сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, шарап спирті және хош иісті заттар пайда болады, олардың болуы қымыздың диеталық қасиеттерін, оның ерекше дәмі мен хош иісін анықтайды. Сүт қышқылы бактериялары қышқыл, ал ашытқы – алкогольді ашыту өнімдері.Алайда қымыз микрофлорасы тек гигиеналық жағдайларды қатаң сақтай отырып, таза дақылдарда дайындалған жағдайда ғана сүт қышқылды бактериялармен және ашытқылармен шектеледі. Қымыз жасау кезінде сүтке басқа микроорганизмдер де енеді, олардың арасында стрептококктар да бар. Стрептококктардың рөлі сүт қышқылы бактерияларының рөліне ұқсас - олар сонымен қатар жақсы қышқыл түзушілер болып табылады, ал төмен температурада олар тіпті таяқшалардан да асып түседі. Нәтижелері және олардың маңыздылығы: Бұл ғылыми жұмыста біз Баянауыл және Шарбақты қымыздарының микробиологиялық көрсеткіштерін зерттедік. Зерттеу сонында Баянауыл қымызының қышқылдығы жоғары және барлық стандарттарға сай екенін қорытындай келе сол қымызды тұтынуға ұсынамыз

Журналдың шыққан жылы: 2022
Журнал нөмірі: 2(86)