Аңдатпа:
Білім туралы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасында әркімнің интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім алуға құқықтарының теңдігіне кепілдік береді. Мақала инклюзивті білім беруді дамытуды талдауға арналған. Инклюзивті білім беруді енгізу жолындағы проблемалар қарастырылады, инклюзивті білім беру аясында IT-мектебін өткізу тәжірибесі талданған. Мақалада инклюзивті білім беру әдістерін сәтті енгізуге ықпал ететін факторларды анықтауға әрекет жасалды.
Журналдың шыққан жылы:
2019
Журнал нөмірі:
4(76)
Тақырып: Педагогика және психология