Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Экономикалық ғылымдар


Павлодар облысы бойынша еңбек нарығын, жұмыспен қамту және халық жұмыссыздығын талдау
Аңдатпа: Жұмыссыздық анық теріс құбылыс ретінде қарастырылады. Ол жұмыс берушілерге, жұмыс қабылдаушыларға және мемлекетке пайдасыз болып табылады. Жұмыссыздық – бұл, ең алдымен, адамның кірістерді жоғалту, әдеттегі өмірден айыру. Бұл проблеманың өзектілігі, ең алдымен экономикалық және әлеуметтік-саяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың бірі болып табылатынына негізделген. Онда қоғам, мемлекет және адам өмірлік маңызды мүдделері тығыз байланысқан. Мақалада, жалпы алғанда, Павлодар облысының еңбек нарығы ретінде және оның өңірлер бөлінісінде жекелеген сегменттері зерттелді, оның нарықтық инфрақұрылымда алатын орны, жұмыссыздықтың негізгі себептері, жұмыссыздардың сапалық құрамы қаралды
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу: қалыптасқан жағдай және проблемаларды шешу жолдары
Аңдатпа: Қазақстандық еңбек нарығының қалыптасуы мен даму мәселелерін мемлекеттік қолдау жасамай шешуге болмайды. Мемлекет жұмыс берушілер, кәсіподақтар және жергілікті билік органдарының ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы, барынша және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін «катализаторы» болуы тиіс. Мақалада халықты жұмыспен қамтуда мемлекеттің реттеу әсері қаралды.
Журналдың шыққан жылы: 2018
Журнал нөмірі: 4(72)

Қазіргі жағдайда медициналық ұйымдарды басқару мәселелері
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы – халықтың денсаулығын сақтау және нығайту қаралды. Осы проблеманың контекстінде медициналық мекемелерді басқару сапасы маңызды рөл атқарады. Денсаулық сақтаудағы экономикалық дағдарыс жағдайында басқарудың жаңа нысандарын, әдістері мен үлгілерін енгізу арқылы медициналық мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру қажет. Денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруды қиындататын факторларды пайда болу тәсілі бойынша шартты түрде екі топқа бөлуге болады: сыртқы орта факторлары және ішкі орта факторлары. Жиынтығында, өзара әрекеттесе отырып, бұл факторлар заманауи медицинаның дамуын тежеуге алып келеді. Осылайша, қазіргі кезеңде медициналық мекемелерді басқару процесінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтуге болады: жеткіліксіз қаржыландырылудың бөлшегі, қазақстандық азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне сенімінің төмен деңгейі, медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігінің проблемалары, жоғары білікті медициналық кадрлардың тапшылығы, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының басқарушылық біліктілігінің төмендігі. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қорытындылар жасалды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Аңдатпа: Бұл мақалада Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қарастырылған, өңірдің негізгі салаларын дамытудың сипаттамасы мен серпіні келтіріледі, оның ішінде – өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының жағдайы, шағын және орта бизнес саласының дамуы, еңбек нарығы, сауда, электр, жылу және сумен жабдықтау, құрылыс. Облыс экономиканың прогрессивті және әртараптандырылған құрылымымен сипатталады. Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібі ең үлкен үлес салмағын алады. Облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету контексінде дамуының басым бағыты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Аңдатпа: Бұл жұмыста мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастырудың теориялық және практикалық ерекшеліктері көрсетілген, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қоғамның проблемаларын шешуде жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі
Аңдатпа: Бұл мақалада азаматтардың бастамашыл топтарының Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы атмосфераны қалыптастырудағы қатысу проблемалары, сондай-ақ осы қызметтің себептері мен салдары талқыланып, әлеуметтік-экономикалық мекеме ретінде жастардың кәсіпкерлігін тұрақты, өзін-өзі қамтамасыз ететін жүйені құру жолдары қарастырылған.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 1(73)

Қазақстан Республикасы аймақтарында білім беру жүйесінің рейтингісіндегі Павлодар облысының мектепке дейінгі тәрбие беру мен білім беру жүйесі: жағдайын талдау, мәселесі мен даму үрдісі
Аңдатпа: Отандық және әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бастауыш мектеп білім беру жүйесінің жұмысының сәттілігі оның ішкі факторларымен ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сатысында (МТБ) балалардағы осы процестің дайындығына байланысты. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасындағы МТБ жүйесін дамыту мәселелеріне құқықтық реттеу тұрғысынан да, мемлекет тарапынан бақылау және оның дамуын бағалау тұрғысынан да ерекше көңіл бөлінеді. Мақалада ҚР МТБ дамуының негізгі тенденциялары және аймақтық мектепке дейінгі білім беру мен республикалық білім беру жүйесінің даму деңгейін бағалау рәсімдерінің мазмұны талданады; Павлодар облысының мектепке дейінгі тәрбие және білім беру жүйесінің жай-күйіне, мәселелеріне және даму тенденцияларына және оның Қазақстан аймақтарындағы білім беру жүйелерінің ұлттық рейтингіндегі позициясына талдау және бағалау келтірілген.
Автор: Л.И. Кашук
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментінің дамуын мемлекеттік реттеу
Аңдатпа: Мақалада мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытуды мемлекеттік реттеу тетіктері және олардың мазмұны қарастырылады. Мектепке дейінгі қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеу құралдарының даму тенденциялары мен құралдарына, мектепке дейінгі білім беру қызметтері нарығының жеке сегментін дамытудағы негізгі проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жасалды
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 4(76)

Қазақстан Республикасының астық нарығы: жай-күйін бағалау, даму мәселелері мен үрдістерін анықтау
Аңдатпа: Мақалада Қазақстан Республикасында астық өндірісінің серпіні, елдер бойынша астық экспорты ашылған. Автор астық нарығына талдау жасады (егіс алқабы, өнімділік, жалпы жинау). Қазақстан астық экспорты бойынша айтарлықтай әлеуетке ие. Астық экспорты ел экономикасы үшін маңызды. Еліміз әлемдегі ең ірі алты астық экспорттаушыларының қатарына кіреді. Бұл қазақстандық астықтың жоғары ұн тарту қасиеттеріне негізделген, қазақстандық ұнның сапалық көрсеткіштері әлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланады, бұл қазақстандық бидайдың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуына және әлемнің әр түрлі елдерінде өткізу нарықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экспорттың негізгі бағыттары-Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстан. Мақалада астық нарығының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жүргізіледі; жай-күйіне баға беріледі.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 2(74)

Сауда кәсіпорнының өткізу саясатының тиімділігін бағалау
Аңдатпа: Бұл мақалада өндірушіден тұтынушыға тауар қозғалысына байланысты негізгі және қосымша шығындар қарастырылған. Шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы жағдайларында сауда кәсіпорны қызметінде оңтайлы тиімділікке қол жеткізу жөніндегі міндеттер анықталды. Зерттелетін кәсіпорынның өткізу нарығының динамикасына талдау жүргізілді. Сауда кәсіпорнының оң және теріс жақтары анықталды.
Журналдың шыққан жылы: 2019
Журнал нөмірі: 3(75)