Аңдатпа:
Басты мәселе: Қазіргі жағдайда студенттік кәсіпкерлік қоғамдастықты дамыту, кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру, стартап-жобалар мен идеяларды қолдау және алға жылжыту болашақ түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады және олардың шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Авторлардың пікірі бойынша кәсіпкерлік білім беру саласындағы саясатты жүзеге асыру, кәсіпкерлік экожүйені және кәсіпкерлік ойлауды дамыту тәжірибе алмасуды және студенттермен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері мен әдістерін зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мақалада Инновациялық Еуразия университеті мен Олд Доминион университетінің (АҚШ) кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытудың негізгі бағыттары талқыланады.
Мақсаты: «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша оқытуды ұйымдастыру процесін қарастыру және осы бағытта авторлардың пікірлерімен таныстыру.
Әдістері: жұмыста теориялық, эксперименттік, әдістемелік, сипаттамалық және аналитикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Нәтижелер және олардың маңызы: Авторлар «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша білім беру траекториясы жаңа формацияны бітірушілердің белсенді өмірлік ұстанымы мен қалыптасуына ықпал етеді, бұл адам әлеуетінің дамуына әсер етеді деген тұжырымға келеді. Университеттердің кәсіпкерлік қоғамдастықты дамытудағы рөлі – студенттердің оқу процесінде, білім сапасын арттыруда және жаңа формалар мен әдістерді дамытуда кәсіптік дағдыларды дамытуға бағытталған білім беру қызметін жүзеге асыру. Кәсіпкерлік қоғамдастықты құру жөніндегі бірлескен жобаларға қатысу жоғары білімнің интернационалдандыру шекараларын кеңейтеді. Сондықтан, осы мақалада авторлар студенттерге кәсіпкерлік білім беру жүйесінің маңызды компоненті ретінде студенттердің кәсіпкерлік қоғамдастығын қалыптастыру бойынша жұмыс тәсілдері мен әдістерін жеткізуге тырысады.
Журналдың шыққан жылы:
2020
Журнал нөмірі:
3(79)
Тақырып: Экономикалық ғылымдар
Түйінді сөздер: кәсіпкерлік, жастар, кәсіпкерлік қоғамдастық, кәсіпкерлік білім, кәсіпкерлік ойлау, бизнес идеялар, стартап-жобалар.