Ғылыми жарияланымдар
Мақалалар мұрағаты
Нахчван автономды республикасында таралған ASPLENIACEAE NEWM. және PTERIDACEAE REICHENB. тұқымдастарының құрамына кіретін түрлер
Мақалада Нахчыванск АР аумағында папоротниктің кейбір түрлерінің таралуы туралы мәлімет беріледі. Флора аумағында 4 тұқымдас пен 7 тұқымда папоротник бөліміне кіретін өсімдіктердің 10 түрі жинақталатындығы атап өтілді. Бұл бөлімнің тұқымдасынд а Aspleniaceae Newm. екі тұқымда, ал Pteridaceae Reiche…
Химиялық технология есептерін модельдеу
Осы жұмыста дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын химиялық технология есептерін шығарудың математикалық әдістері қарастырылған. Аналитикалық та, сандық та тәсіл арқылы бірқатар тәжірибелік есептердің шешімдері табылды.
Нахчван автономды республикасы бауырмен жорғалаушыларының (Reptilia) сирек түрлері
Жеке материалдар мен әдеби мәліметтерді талдау негізінде автономды республика аумағындағы бауырмен жорғалаушылардың 9 шағын түрінің мекені анықталды. Табылған түрлердің біреуі тасбақалар (Testudines) тобына, 3-еуі кесірткелер (Sauria) тобына және 5-еуі (Serpentes) тобына жатады. Мақалада бұл түрлер…
Екі айнымалысы бар симметриялы көпмүшелер
Мақалада екі айнымалыдан симметриялы көпмүшелерді шешу әдісі қарастырылған. Бұл мақалада осы үлгідегі бірнеше есеп талданған. Олардың арасында математикалық олимпиадаларда ұсынылған қиын есептер де бар.
Концептінің мәнді сипаттамаларын зерттеу
Мақала этникалық әлем суреттері – тұжырым бірлігінің басты сипатын қарастыруға арналған. Жұмыста мәдени ерекшелікпен белгіленген көп мөлшерлі лингваменталды білім «мазмұнының» аналитикалық сипаттамасы көрсетілген.
Қазіргі саяси метафорадағы сөз мағыналарының ауысым сипаттары
Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың семантикалық ерекшеліктері талданады. Автор қазіргі қазақ тіліндегі саяси метафоралардың жасалуындағы тілдік сипаттарды бірнеше мағыналық түрлерге бөліп қарастырады.
Метафораның уәжділігі, сөзжасамдық тәсілмен берілу жолдары
Мақалада тіл біліміндегі уәжділік теориясы жайлы сөз қозғалып, метафоралардың сөзжасамдық табиғаты ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданды.
Уильям Теккерейдің “Ярмарка тщеславия” шығармасындағы кейiпкерлер номинациясындағы авторлық стратегия
Мақала У. Теккерейдiң “Ярмарка тщеславия” романындағы автордың жалқы есімдерді (антропонимдерді) қолдану стратегиясына арналған. Бұл есімдер автордың өз кейiпкерлерiне деген қарым-қатынасы ретінде қарастырылады.
Әзірбайжан тiлiндегi дауыссыз дыбыстардың зерттелуi жайлы
Әзірбайжан тiл бiлімінде дауыссыз дыбыстарды зерттеу ХХ ғ. бiрiншi жарты жылдығында басталып, дауыссыз дыбыстардың статистикалық, физиологиялық-акустикалық, фонологиялық талдауына байланысты сұрақтар өз шешiмiн тапты. Осыған орай Б. Чабанзаде, Ф. Казымов, А. Демирчизаде, А. Курбанов, соның iшiнде А…
Ұранның орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі рөлі мен маңызы
Мақалада ұранның пайда болу тарихы, орыс, ағылшын және неміс тілдердегі ұранның лингвистикалық құралдары зерттелген, сонымен қатар ұранды құрастыру кезіндегі тілдік бірліктердің жалпы сипаттамасы және айырмашылықтары айқындалған.
Microsoft Windows 7 Professional операциялық жүйесінің жаңа мүмкіндіктері
Мақалада авторлар операциялық жүйелердің негізгі мүмкіндіктерін, түрлерін, ерекшеліктерін, олардың негізгі мақсаттары, негізгі қызметтері, оның мазмұнына қойылатын ережелер мен талаптарды, эстетикалық талаптарды, негізгі өзіне тән компоненттері мен элементтерін қарастырады.
ЖЭС су дайындаудың жаңа технологияларын енгізу
Бұл мақалада су дайындаудың қолданыстағы технологияларына талдау берілген және ЖЭС-та кері осмосты енгізу тиімділігінің аспектілері қарастырылған.
Грид-жүйелер және оларды қолдану потенциалы
Бұл мақалада технология туралы түсінік беру мақсатында грид-жүйелерді құрастыру және қолданудың кейбір аспектілеріне қысқаша шолу жасалған. Осы технологияны пайдалану әлеуетін көрнекі көрсету үшін, грид-жүйені пайдаланатын қолданыстағы жобалар тізімі берілген.
Құрылыстық нормаларды есепке алып, қоршаушы конструкциялардың сенімділік және ұзақ уақытқа жарамдылық мәселелері
Мақалада тұрғын үймереттердің сенімділік және ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етудің негізгі сұрақтары қарастырылған. Салмақ түсетін қоршаушы конструкциялардың техникалық жағдайын бағалау мәселелері көтеріліп, ғимаратты тексерудің кешенді әдістемесі ұсынылған. Салмақ түсетін қоршаушы конструкц…
Коагулянт ретінде RPAESTOL 650BC флокулянты мен алюминий сульфатының айналымдық суды тазарту дәрежесіне әсерін зерттеу
Осы мақалада химиялық реагенттердің айналымдық суды тазарту дәрежесіне ықпалы қарастырылған, коагуляцияның физика-химиялық процесс сипатталады және сол реагенттердің тиімділігін көрсететін анализдердің нәтижелері ұсынылған.
Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру әдістері
Мақалада биогазды қондырғының өндімділгін арттыруға алып келетін анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру тәсілдері қарастырылады. Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандырудың микробиологиялық және конструктивті-технологиялық әдістері талданған, оның артықшылығы мен кемшіліктері көрсетілген.
Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру әдістері
Осы мақалада тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру және пенопластты бензинде еріту негізінде пластикалық массалар алу әдістері қарастырылған.
Жаңа үлгідегі қалақты араластырғыштың параметрлерін зерттеу және анықтау
Жұмыста жаңа типтегі араластырғыш аппараттың техникалық сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері баяндалған. Араластыру кезінде аппарат багында пайда болатын ағындардың геометриясы зерттелген. Араластырғышқа конструкциялық өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған.
Балалардың бақылаусыздығы мәселесі
Мақалада балалар бақылаусыздығының заңдық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық аспектілері қарастырылған. Автор өскелең ұрпақтың деформациясына ықпал ететін мәселелер кешенін сипаттайды.
Жас спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар
Мақалада спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамытудың алғышарттары мен түрлері қарастырылған. Авторлар спортшылардың жас ерекшелігіне сүйене отырып, тактикалық ойлаумен жұмыс түрлеріне назар аударады.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаға бағыттап оқыту қағидасын іске асыру ретінде
Мақалада мектептегі білімде қолданылатын негізгі құзыреттер қарастырылған, негізгі құзыреттердің авторлық жіктелімі ұсынылған. Авторлар ынта – тапсырма тұжырымы – ақпарат көзі – есеп түрі сияқты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құырылымын талдаған, орыс тілі бойынша дәстүрлі тапсырмаларды …
Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік проблемалары: әлеуметтік өлшеу
Мақалада Тюмень облысында тұратын 1200 респонденттен сауалнамалық жауап алу негізінде аймаққа Орталық Азия елдерінен келетін мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін, сонымен қатар сарапшылардың жауаптарын екінші рет талдау нәтижелері ұсынылған. Шетелдік азама…
Кепілгдегі жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы азаматтық даулардың ерекшеліктері
Бұл мақалада кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы банктермен болатын азаматтық даулардың еркешеліктері қарастырылған. Осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесі зерттелген.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің кейбір аспектілері туралы және мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктері мен қағидалары, сонымен қатар Оңтүстік Корея мысалында мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
