Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Педагогика және психология


Студенттерге шет тілін оқытудың мәні туралы Мақала
Аңдатпа: Мақала шет тілін оқыту мәселелерін, оның құрылымын түсінудің негізгі тәсілдерін зерттеуге арналған. Осыған байланысты шет тілдік білім беруді дамыту, шет тілдерін оқыту әдістері туралы ғылыми полемикаға талдау жүргізілген. Авторлар шет тілдерін оқытудың стратегиялық мақсаты - студенттердің «екінші тілдік тұлға» қасиеттерін дамыту екендігін негіздейді. Осыған байланысты «екінші тілдік тұлға» ұғымы мен құзыреттіліктің арасындағы байланыс - шет тілдік жәнемәдениаралық-коммуникативтітұлға айқындалған.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалаудың заманауи тәсілдері
Аңдатпа: Мақалада авторлар МББМ-дағы "білім сапасы" ұғымының мәні туралы көзқарасқа қысқаша шолу береді, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау кезінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану қажеттілігін негіздейді.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

ЖОО-да студенттердің танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Аңдатпа: Мақалада «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы», «Педагогика» пәндері бойынша әзірленген оқу-әдістемелік кешеннің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы студенттерінің танымдық белсенділігін арттыруға әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Ұсынылған оқыту тәсілдері білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға оң әсер ететіндігі көрсетілді, бұл педагогикалық модуль пәндері бойынша білім сапасын арттыруға, оқытудағы дербестікке және студенттердің танымдық белсенділігін дамытуға көмектеседі.
Журналдың шыққан жылы: 2020
Журнал нөмірі: 1(77)

(Белгісіз)
Аңдатпа: Осы мақалада теориялық механиканың есептерiнiң шешiмнiң процессiнiң көрнекi демонстрациясы үшiн қазiргi программалық өнiмдердi тиiмдi қолданып есептiң қойылуынан аналитикалық ұсыныста, график түрiнде нәтиженiң алуына көніл бөлінген. Студент тiлдi таңдауға, дәрiстiң курсiнен теориялық мәлiметтерiн алуға, тестейтiн бағдарламамен пайдалана алатыны көрсетілген.
Автор:
Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 3(47)
Түйінді сөздер:

(Белгісіз)
Аңдатпа: Бұл мақала естуінде ақауы бар балалардың ауызша және жазбаша тілін жетілдіру әдісі ретінде бастауыш сынып оқушылардың ауызша логикалық ойлауын дамыту жаттығуларын талдауға арналған.
Автор:
Журналдың шыққан жылы: 2012
Журнал нөмірі: 3(47)
Түйінді сөздер:

Кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық шарттары
Аңдатпа: Бұл мақалада түрлі білім беру жүйелерінің болашақ мамандарын дайындау бойынша агротехникалық университеттің жұмыс тәжірибесі негізінде студенттерге кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық шарттары қарастырылған. Кәсіптік білім беру барысында студенттерді тұлға ретінде дамытуда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолдану арқылы жүргізудің бүгінгі күн талаптарын ескере отырып, жұмыстар жасауға әсері мол. Бұл бағытта педагогика ғылымы мен практикасына қатысты ұлы педагогтар мен ғалымдар еңбектеріндегі идеялар мәнін талдау біздің жасаған зерттеу жұмысымыздың бір бағыты болып табылады. Келесі маңызды бағыт ретінде білім берудің дәстүрлі және жаңа парадигмалары талданды. Бұл жұмыстар кәсіптік білім беруді жетілдіруге оң әсер ететін педагогикалық шарттарды анықтауға көмектеседі.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Оқытудағы ынтымақтастық – табысты сабаққа жеткізер жол
Аңдатпа: Мақалада мұғалімнің оқушылармен және білім алушылардың бір-бірімен серіктестігін ұйғаратын шетел тілін табысты оқытудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Автор оқу процесінің тиімділігі мұғалімнің оқытудың түрлі нысандарын пайдаланып, ынтымақтастықты ұйымдастыру және студенттерді белсенділендіру қабілетіне байланысты екенін атап өтеді.
Автор: И.Ф. Бород
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Студент жастардың ана атануға саналы дайындығы
Аңдатпа: Берілген мақалада "ана атану" ұғымының түрлі анықтамалары, сондай-ақ адамның талаптар, міндеттер, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарының тұтас кешенін қабылдауын білдіретін студент жастардың ана атануға дайындалуының адамгершілік-психологиялық аспектілері қарастырылған. Мұндай дайындық студент жастардың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін, ана атанудың әлеуметтік абыройлығын арттыруға, студент жастардың ана атануға психологиялық дайындығын көтеруге, терең, нақты білім алуға бағытталған. Студент жастардың ана атануға саналы дайындығының деңгейі әйел адамның ана болуға әзірлену кезіндегі оң және теріс факторлардың әсер етуінің жалпы нәтижесімен анықталады.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Білім беру үдерісіне құзыреттілікті қалыптастыру тәсілін енгізу
Аңдатпа: Мақалада оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында құзыреттілікке баулу тәсілін қолдану мәселесі қарастырылған. Басым назар оқытудағы құзыреттілік тәсілдеріне аударылады. Сонымен қатар тұлғаны дамытуға бағытталған оқытудың мән-мағынасы ашылады. Ашылған тақырып шеңберінде бірқатар теориялық зерттеулер қолданылған. Білім беру процесін әлеуметтендірудің қажет екені туралы тезис расталады
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)

Көптілділік білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру
Аңдатпа: Бұл мақалада халықаралық тәжірибе аспектісінде көптілділік білім беруді дамыту мәселелері қарастырылады. Еуропа елдерінде көптілділік деп түсінетіндері, көптілді білім беру нормаға айналу үшін қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастырудың мүмкін әдістері ұсынылған.
Журналдың шыққан жылы: 2015
Журнал нөмірі: 2(58)