Ғылыми журнал

Инновациялық Еуразия университетінің Хабаршысы

Редакциялық алқаның қарауына мақала беру және рецензиялау

+7 (7182) 31-64-83

journal@ineu.kz

Артқа

Педагогика және психология


Ағылшын тілін оқыту үрдісінде әлеуметтік мәдени біліктіліктерді қалыптастыру
Аңдатпа: Осы мақалада ағылшын тілін үйрету үрдісінде әлеуметтік-мәдени құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық және тәжіоибелік негіздері қарастырылған. Әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің құрылымы мен мазмұны, сонымен қатар мектеп оқушыларының бойында оқу материалын іріктеуді қалыптастыру критерийлері анықталады. Мақалада мектеп оқушыларының әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу мәтіндерінің үлгілерінің талдауы ұсынылып, қарым-қатынас үлгілері мен оған тән ерекшеліктер қарастырылды. Оқытудың қарастырылған тәсілдерінің талдауы көмегімен әлеуметтік- мәдени құзіреттіліктің вербалды түрінің компоненттері ұсынылған. Тұлға аралық қарым-қатынас деңгейлері мен олардың сипаттамалыр анықталған.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Жоғары оқу орнының білім беру үрдісіндегі ақпараттандырудың заманауи трендтері
Аңдатпа: Мақалада жоғары оқу орындарының білім беру процесіндегі ақпараттандырудың негізгі трендтері қарастырылған. Қазақстан Республикасының 2016–2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген сапалы білім берудің жаңа үлгісіне көшудің міндеттері оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану қажеттілігіне негізделеді. Жұмыста негізгі себептер ұсынылған, олардың негізінде оқу орындары ақпараттық жүйелерді, сонымен қатар білім беру процесін анағұрлым тиімдірек басқару үшін ақпараттық және білім кеңістігінің шекарасын кеңейтетін ақпараттық технологияларды енгізу нәтижелерінің мүмкіндіктерін қолданады. Осы саладағы зерттеулерді жалпылап қорыту барысында автор негізгілерін бөліп алып, ЖОО-ны басқарудың ішкі жүйелеріне талдау жасады.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Мектеп жасына дейінгі бала тілін сөйлесім арқылы дамытудағы ойын түрлері мен әдістері
Аңдатпа: Мақала мектеп жасына дейінгі балаладың тілін дамыту үшін ойын түрлері мен әдістері сипатталады. Авторы балалардың тілін дамуының нәтижелерін Павлодар қаласы № 44 сәбилер бақшасы негізінде жүргізілінген тәжірибиесін ұсынады. Мұнда сюжетті – рөлдік ойындар, драмматизациялық ойындар, интегразиялық, дидактикалық ойындарды қолдананып, бала тілін дамыту жолдарының тиімді жақтарын көрсетеді. Өйткені, ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Балалар сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін, яғни сөзге буынға екпінді дұрыс түсіруге үйретеді. Рөлге бөлініп ойнайтын ойын, баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойынына көп көңіл бөлу керек. Өйткені балала, біздің келешегіміз. Олардың болашағы біздің қолымызда.
Журналдың шыққан жылы: 2016
Журнал нөмірі: 2(62)

Медициналық колледж мекемесіндегі бірінші курс студенттерінің бейімделуі
Аңдатпа: Баспаға ұсынылған мақалада бірінші курс студенттеріне колледж оқу орнына бейімделуде педагогикалық және психологиялық қолдау, бейімделу кезеңдері, себептері қарастырылған. Бейімделудің жалпы сипаты ашылған. Оқу орнына бейімделудің факторлары бойынша зерттеу жұмысының мәліметтерін көрсетілген. Мақала авторлары осы факторлардың жағымды және жағымсыз негіздерін зерттеп, атап көрсеткен. Бірінші курс студенттерінің колледж оқу орнына келіп оқуда психологиялық және әлеуметтік жағынан көретін қиыншылықтарын, олардың себеп-салдарын талдап, педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерін сипаттаған. Мақалада студенттер кәсіби оқу орнының талаптарына бірден үйрене алмайтындығы сипатталған. Үйлесімді жолдармен бейімделу шарттары қарастырылған. Педагогикалық қолдау талаптарына авторлар оқу бағдарламасын жеке даму траекториясына байланысты жүзеге асыру жолдарын айқындап көрсеткен.
Автор:
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Егде жастағы адамдар мәселенің әлеуметтік бейімдеу
Аңдатпа: Бұл мақалада ғылым үшін де өзекті мәселені қарайды және тұтас алғанда қоғамның маңызды авторлар қарт адамдар, психология, әлеуметтік бейімдеу үшін солай. Егде жастағы егде адамдар, сондай-ақ адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша талдау жүргізілді бапта әлеуметтік-психологиялық әдебиет зерттеу әрекеті орындалды дәрежесі еңбектен кейін бейімдеу кезеңі. Зерттеу нәтижесі көрсеткіштері бойынша, бұл әлеуметтік бейімдеу, олар ұсынылған шал-кемпір дәрежесі әртүрлі сипатталады еңбектен кейін бейімделу кезең.
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Ертіс өңірі Павлодар қаласы жастарының өмірлік таңдау мәселесі
Аңдатпа: Мақалада Павлодар қаласында өткізілген практикалық зерттеуге сүйене отырып жастардың өмірлік таңдау мәселелерін зерттейді. Бұл жұмыста жастардың өмір таңдауы соның ішінде кәсіби жағынан өзін-өзі анықтау және де отбасылық құндылықтарды сезіну көрсетілген. Бірнеше әдістер арқылы 18 және 29 жас аралығындағы жастар сауалнамаға қатысты. Қорытындылай келе, автор Спирмен бойынша корреляциялық зерттеу өткізді. Негізгі нәтижелер графиктер, пікірлер мен ұсыныстар түрінде көрсетілген. Автордың қорытындысы бойынша өмірлік шешім қабылдау адамның тәжірибесіне тәуелді (неғұрлым адамда тәжірибелік шешім қабылдау көп болса, соғұрлым өмірлік таңдау мәселелері аз).
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Патриоттық тәрбиенің мәні
Аңдатпа: Патриотизм, отансүйгіш, патриоттық тәрбие беру ұғымдар сияқты жұмыста қаралады. Негізгі бағыттарын патриоттық тәрбие туралы сипаттамасы берілген. Тәрбиелеуде отансүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, өз елі үшін бүгінгі таңда басты міндеттерінің бірі-білім беру жүйесінде, сондықтан бұл мақалада негізгі түсініктері, компоненттері, міндеттері патриоттық тәрбие беру сұрақтар туралы жазылған.
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері
Аңдатпа: Мақалада балалардың танымдық әрекет ерекшеліктері қарастырылады. Танымдық қызметінің деңгейі, компоненттерін, түрлері, принциптері көрсетіледі. Мақалада танымдық қызығушылық оқушының жеке сипаттамасының маңыздылығы, ажырамас таным ретіндегі оқушының оқуға эмоционалды қатынасы жайында сөз етіледі.
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

Отбасы құру мерзімінің түрлі деңгейінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайының деңгейі
Аңдатпа: Мақала отбасы құру мерзімінің түрлі деңгейінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайының деңгейін қарастырады. Отбасылық өмірдің түрлі кезеңдерінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайы зерттеуінің нәтижелері қарастырылады. Авторлар ерлi-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы сипатталды, сонымен қатар, әр түрлі неке мерзіміне ие респонденттер тобының арасында кикілжіңдік деңгейін анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу жүргізілді.
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 1(65)

ЖОО оқытушыларының кәсіби күюі синдромына гендерлік аспектілерінің әсері
Аңдатпа: Жұмыста кәсіби жанып кетудің критерийлерін анықтау үшін әр түрлі әдістері және осы процесске жыныс әсерінің ерекшелігі қарастырылады. Осы мақалада кәсіби жанып кетуі синдромының ұшығуы гендерлік тистілігінің және жасына тәуелді болатын гипотезасы дәлелденген және нәтижелер көрсетілген.
Журналдың шыққан жылы: 2017
Журнал нөмірі: 2(66)