Ғылыми жарияланымдар
Мақалалар мұрағаты
Коагулянт ретінде RPAESTOL 650BC флокулянты мен алюминий сульфатының айналымдық суды тазарту дәрежесіне әсерін зерттеу
Осы мақалада химиялық реагенттердің айналымдық суды тазарту дәрежесіне ықпалы қарастырылған, коагуляцияның физика-химиялық процесс сипатталады және сол реагенттердің тиімділігін көрсететін анализдердің нәтижелері ұсынылған.
Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру әдістері
Мақалада биогазды қондырғының өндімділгін арттыруға алып келетін анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандыру тәсілдері қарастырылады. Анаэробтық ашыту үдерісін қарқындандырудың микробиологиялық және конструктивті-технологиялық әдістері талданған, оның артықшылығы мен кемшіліктері көрсетілген.
Тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру әдістері
Осы мақалада тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыру және пенопластты бензинде еріту негізінде пластикалық массалар алу әдістері қарастырылған.
Жаңа үлгідегі қалақты араластырғыштың параметрлерін зерттеу және анықтау
Жұмыста жаңа типтегі араластырғыш аппараттың техникалық сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері баяндалған. Араластыру кезінде аппарат багында пайда болатын ағындардың геометриясы зерттелген. Араластырғышқа конструкциялық өзгерістер енгізуге ұсыныстар жасалған.
Балалардың бақылаусыздығы мәселесі
Мақалада балалар бақылаусыздығының заңдық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық аспектілері қарастырылған. Автор өскелең ұрпақтың деформациясына ықпал ететін мәселелер кешенін сипаттайды.
Жас спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамыту: тәжірибе, мәселелер, перспективалар
Мақалада спортшы-баскетболшылардың тактикалық ойлауын дамытудың алғышарттары мен түрлері қарастырылған. Авторлар спортшылардың жас ерекшелігіне сүйене отырып, тактикалық ойлаумен жұмыс түрлеріне назар аударады.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жеке тұлғаға бағыттап оқыту қағидасын іске асыру ретінде
Мақалада мектептегі білімде қолданылатын негізгі құзыреттер қарастырылған, негізгі құзыреттердің авторлық жіктелімі ұсынылған. Авторлар ынта – тапсырма тұжырымы – ақпарат көзі – есеп түрі сияқты құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың құырылымын талдаған, орыс тілі бойынша дәстүрлі тапсырмаларды …
Тюмень облысындағы мигранттардың әлеуметтік проблемалары: әлеуметтік өлшеу
Мақалада Тюмень облысында тұратын 1200 респонденттен сауалнамалық жауап алу негізінде аймаққа Орталық Азия елдерінен келетін мигранттардың әлеуметтік мәселелері туралы қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерін, сонымен қатар сарапшылардың жауаптарын екінші рет талдау нәтижелері ұсынылған. Шетелдік азама…
Кепілгдегі жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы азаматтық даулардың ерекшеліктері
Бұл мақалада кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өндіріп алуға жүгіну туралы банктермен болатын азаматтық даулардың еркешеліктері қарастырылған. Осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесі зерттелген.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің кейбір аспектілері туралы және мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктері мен қағидалары, сонымен қатар Оңтүстік Корея мысалында мемлекеттік басқарудың тиімді аппаратын құрудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Тюмень облысы ақпараттық инфрақұрылымының қызмет ету факторлары мен жағдайлары
Мақалада Тюмень ауданының мысалында ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың ынталандыру және тұрақтандыру факторларының талдауы ұсынылған, сонымен қатар дамыту жағдайлары сипатталған.
Этника аралық некелер қоғам тұрақтылығының факторы ретінде
Бұл мақалада отбасы әлеуметтік тұтастық ретінде, отбасындағы қарым-қатынастар және қоғам дамуындағы оның ролі қарастырылған. Этника аралық некелердің типологиясы мен құрылу факторлары, этника аралық некелердің тенденциялары мен өзіндік ерекшеліктері анықталған.
Қазақстан Республикасында жастар саясатының даму үрдiсi
Осы мақалада Қазақстан Республикасының жастар саясатының даму үрдісі, дамыту бойынша жұмыстарды тиімді жүргізуді бағалаудың теориялық аспектілері, сонымен қатар аймақтағы жастар саясатының қазіргі ахуалын талдауы қарастырылған.
Компанияны басқарудағы тәуекелдер картасының рөлі
Осы мақалада тәуекелдер картасы компанияны нәтижелі басқару құралы ретінде қаралып, ұйымның ойдағыдай қызмет етуі үшін тәуекелдер картасын құру мақсаттары, әдістері, сандық бағалануы және тәуекелдер картасын үлгілеу қарастырылады.
«Өмір сапасы» моделін зерттеу және оның шығарылатын өнім сапасына тигізетін әсері
Мақалада «KSP Steel» ЖШС ПФ құбыр илемдеу өндірісі жағдайларында «еңбек өмірі» сапасының моделін талдау нәтижелері мен оның өндірілетін өнімнің сапасына әсері көрсетілген. Жұмысшының еңбек өмірінің сапасына әсерін тигізетін негізгі факторлар анықталды. Еңбек өмірін жақсарту бойынша жаңа модель ұсын…
Басқарудағы процестік тәсілді енгізу
Ақпараттық ресурстарды пайдаланудың талдауы ұйымдық-құрылымдық мүмкіндіктердің, ақпараттық қызметті қамтамасыз етудің материалды-техникалық деңгейінің, кадрлардың ақпараттық әлеуетінің, басқару қызметін ақпараттық қамтамасыз ету сапасының көрсеткіштер жүйелерін қалыптастыру және бағалаумен тікелей …
Инновациялар: жіктелімі және әлемдік тәжірибе
Бұл мақалада инновациялардың жіктелімі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары, сондай-ақ қазақстандық инновациялық саясаттың мақсаттары қарастырылған. Жұмыста инновациялық процестерді мемлекеттік басқару қажеттілігіне не себепші болғанын анықтау әрекеті ұсынылған.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестiң рөлі мен оларды дамытудың мемлекеттік механизмдері
Бұл мақалада шағын және орта бизнестi қолдаудың мемлекеттiк құралдары, сонымен қатар кәсiпкерлiк қызметтің жағдайларын жақсарту бойынша түбегейлi шаралар қарастырылған.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мақалада ауылшаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Авторлар Агроөнеркәсіп кешенінде болып жатқан инновациялық үрдістерді (биоресурстарды қолдануды) талдады және ауылшаруашылық саласындағы қаржылық қолдаудың негізгі бағыттарын анықтады.
Өнеркәсіпте жабдықтауды басқарудың негізгі элементтері
Мақала жабдықтау мәселелеріне арналып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жабдықтау жүйесінің негізгі бағыттары мен элементтері айқындалған. Материалды-техникалық жабдықтау мәселелерінің тиімді шешімі ретінде жабдықтаудың біріктірілген логистикалық жүйесінің қолданылуы ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтер: қазіргі жағдайы және даму перспективалары
Осы мақалада мониторинг нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасы халқына мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытудың аспектілері қарастырылған.
Павлодар қаласының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтары мен болашағы
Мақалада Павлодар қаласының экономикалық әлеуетінің талдау бағасының нәтижелері қарастырылды. Қазіргі уақытта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ішкі резервтерін анықтаудың мәселесі аса маңызды болып келеді, оның шешімі әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің мәні, құрылымы, бағалау әдістерін аны…
(Белгісіз)
Мақалада ұйымдағы қызметкерлерді басқаруда кемшіліктер қатарын және сапаның стратегиялық жоспарлау үдерісінің болмауын анықтауға мүмкіндік берген көмір өндіретін ірі кәсіпорында өткізілген қызметкерлерді басқару жүйесін зерттеу нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар бәсекеге түсе алатын қызметкерлер…
(Белгісіз)
Мақалада компанияның тиімділігімен басқару жүйесінде нәтижесіндегі нақты фокус және бірегей мақсатқа барлық ұйымдастырушылық элементтердің келісімді қозғалысының айқындалуы көрсетіледі. Бұл мақсаттар ағашын құрастыру және тиімділiктің бақылаушы көрсеткіштері мен бақылау үшін ұдайы критикалық аймақт…
