Ғылыми жарияланымдар

Мақалалар мұрағаты

992 мақала
2015№2(58)Ғылыми мақала

Алюминий электролизерлердің отқа төзімді материалдарының термоберіктік сипаттамаларының талдауы

А.А. Асаинов

Бұл мақалада пеш түбін шегендеуде туындайтын термиялық кернеу тұрғысынан алюминий электролизерінің оттөзімдерін қыздыру процесін оңтайландыру әдістері қарастырылған. Оттөзімдердің функциональдық міндеттері аталған. Оттөзімдерді қолдану сипаттамалары ұсынылған. Пештің футеровкасына термиялық әсе…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

А.К. Сатынская, Н.В. Каулина

Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіптік қызметке кәсіби даярлау мәселесі қарастырылады. Білім беру жүйесінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына және артып келе жатқан роліне көңіл бөлінген. Болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлау жүйе түрінде ұсынылған, оған уәждеме, білім және білік…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Ана болуға психологиялық дайындалудың өзекті мәселелері

Ж.Р. Утебаева, Е.М. Раклова

Бұл мақала ана болуға психологиялық дайындалудың кейбір проблемалары туралы материалды қамтиды. Мақалада ана болуға психологиялық дайындықты, ана болуға қажетті-уәждемелік дайындықты, ана болуға құндылықты-мағыналық дайындықты анықтауға мүмкіндік беретін негізгі факторлар бөлініп шығарылған

2015№2(58)Ғылыми мақала

Көптілділік білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру

Е.В. Рязанова, Л.А. Семенова

Бұл мақалада халықаралық тәжірибе аспектісінде көптілділік білім беруді дамыту мәселелері қарастырылады. Еуропа елдерінде көптілділік деп түсінетіндері, көптілді білім беру нормаға айналу үшін қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің тиімділігін …

2015№2(58)Ғылыми мақала

Білім беру үдерісіне құзыреттілікті қалыптастыру тәсілін енгізу

Б.Е. Кильдибекова, А.К. Сатынская

Мақалада оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында құзыреттілікке баулу тәсілін қолдану мәселесі қарастырылған. Басым назар оқытудағы құзыреттілік тәсілдеріне аударылады. Сонымен қатар тұлғаны дамытуға бағытталған оқытудың мән-мағынасы ашылады. Ашылған тақырып шеңберінде бірқатар теориялық зерттеулер…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Студент жастардың ана атануға саналы дайындығы

А.С. Исенова, Е.М. Раклова

Берілген мақалада "ана атану" ұғымының түрлі анықтамалары, сондай-ақ адамның талаптар, міндеттер, мінез-құлықтың әлеуметтік стандарттарының тұтас кешенін қабылдауын білдіретін студент жастардың ана атануға дайындалуының адамгершілік-психологиялық аспектілері қарастырылған. Мұндай дайындық студен…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Оқытудағы ынтымақтастық – табысты сабаққа жеткізер жол

И.Ф. Бород

Мақалада мұғалімнің оқушылармен және білім алушылардың бір-бірімен серіктестігін ұйғаратын шетел тілін табысты оқытудың әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Автор оқу процесінің тиімділігі мұғалімнің оқытудың түрлі нысандарын пайдаланып, ынтымақтастықты ұйымдастыру және студенттерді белсенділен…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолданудың педагогикалық шарттары

Б.Д. Каирбекова, З.Т. Байжанова

Бұл мақалада түрлі білім беру жүйелерінің болашақ мамандарын дайындау бойынша агротехникалық университеттің жұмыс тәжірибесі негізінде студенттерге кәсіптік білім беруде тұлғалық-бағдарлы оқыту технологияларын қолданудың педагогикалық шарттары қарастырылған. Кәсіптік білім беру барысында студент…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға бейресми қатынастардың ықпалы

Н.Б. Рудица

Мақалада бейресми қатынастардың туындау проблемасы, олардың кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін басқаруға ықпалы қарастырылады. Бейресми қатынастар немен реттеледі, сондай-ақ өтпелі кезеңнің қазіргі әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларын уақытылы бейнелейтін бейресми тәжірибе…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Америка Құрама Штаттарындағы мектепке дейінгі білім берудің бағасы, қолжетімділігі және дамыту перспективалары

Э. Кортиелла

Бұл мақалада мектепке дейінгі білім берудің маңыздылығын түсіндіруге және оның баланың қалыптасуына қалай әсер ететінін қарастыруға әрекет жасалады. Америка Құрама Штаттарының әр түрлі аймақтарында балаларды бағып күтудің құны туралы мәліметтер келтіріледі, аз қамтылған, кішкентай балалары бар о…

2015№2(58)Ғылыми мақала

«Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық БАҚ-тың өзгешеліктері

А.О. Балыкина, Е.В. Вайберт

Бұл мақалада аймақтық баспасөздің теориялық және практикалық аспектілері, жеткіншектерге арналған БАҚ-тың ерекшеліктері, баспа БАҚ атқаратын қызметтер, сонымен қатар «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газеті мысалында аймақтық жастар бұқаралық ақпарат құралдарын қарқында дамыту қарастырыл…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

З.А. Арынова, Б.Ж. Капарова

Мақалада Павлодар облысының өнеркәсіптік саясатының негізгі аспектілері қарастырылған. Сондай-ақ мақалада аймақтың өнеркәсіптік саясатын іске асырудың қағидалары мен алғышарттары көрініс тапқан. Инновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақтық экономикасын жылдам дамыту үшін міндеттердің ш…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Халық санының өсуін статистикалық талдау

Т.М. Арзаева

Бұл мақалада 2004-2013 жж. аралығында Павлодар облысындағы халық саны өсуінің статистикалық талдауы келтірілген. Демографияның көп жылдық дамуының сандық мәліметтерінің динамикасын зерттеу арқылы еліміздегі халық арасында орын алып отырған табиғи қозғалыс көріністерінің өзгерістерін анықтай алам…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Аудиторлық тәуекелдi бағалаудағы мәселелер және шешу жолдары

Е.Л. Стародубцева

Осы мақалада аудиторлық тәуекелдің мәні, түрлері, оның компоненттерінің өзара байланысы көрсетілген. компьютерлік ақпараттық жүйелердi тестiлеу кезiнде аудитор тапқан тәуекелдердiң туындау себептері және тәуекелдердi шешу жолдары қарастырылған.

2015№2(58)Ғылыми мақала

Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібіндегі «жасыл» экономика тұжырымдамасының аспектілері

Н.Д. Сидоровская

Беріліп отырған мақалада Қазақстан Республикасының мұнай-химиялық кешені мысалында елдің өнеркәсіптік салаларын дамытудың «жасыл» экономика принциптеріне сәйкестігін бағалау ұсынылған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі «жасыл» аз көміртекті экономика құру қажеттілігінен туындаған. «Жасыл» экономика…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Баға жоғары оқу орнындағы білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Н.Л. Паниченко

Бұл мақалада жоғары оқу орнының білім беру қызметі нарығындағы баға белгілеу жоғары оқу орнының жалпы бәсекелестік стратегиясының ажырамас элементі ретінде қарастырылған, сонымен қатар Павлодар аймағының жоғары оқу орнында қолданылатын баға түрлендіру жүйесіне талдау жүргізілген.

2015№2(58)Ғылыми мақала

2020 жылға дейін Качир ауданының ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын іске асырудың инвестициялық бағдарламасы

А.С. Нарынбаева, Р.Т. Кадырханова

Мақалада ауданның ауыл шаруашылығын дамату стратегиясының негізгі басымдықтары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салу қарастырылады, олардың саланы дамыту үшін қаншалықты қажет екендігіне талдау жасалады. Ауданның ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың инвестициял…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Әлеуметтік тартымдылықты қамтамасыз етуге қатысты салық саясатын реформалау

А.С. Лихоносова

Мақала қоғамдағы әлеуметтік бөлектету тенденцияларына ықпал ететін салық салу саласындағы қазіргі проблемаларға арналған. Әлеуметтік тартымдылықты сипаттайтын көрсеткіштер жинақтап қорытылады. Белгілі бір салық саясатының көмегімен өндіріс көлемі, жұмыспен қамту, инвестициялар, ғылым мен техника…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландыру мәселелері және оларды шешу жолдары

А.А. Курманова

Бұл жұмыста мемлекеттік мекеменің шығындарын қаржыландырудың негізгі проблемалары қарастырылған. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау мен орындаудың қазіргі жүйесінің кемшіліктері зерделенген. Мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландыру саласындағы мәселелерді шешу бойынша негізгі бағыттар ұ…

2015№2(58)Ғылыми мақала

Аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру аймақтың әлеуетін көтерудің негізгі бағыты ретінде

З.А. Арынова, Б.Ж. Капарова

Бұл мақалада аймақтық инновациялық жүйенің құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде облыстың инновациялық жүйесінің құрылымын жетілдірудің төрт бағыты анықталған. Осы бағыттарға сәйкес Павлодар облысының инновациялық дамуын басқару механизмін жетілдеру бойынша ұсынымдар …

2015№2(58)Ғылыми мақала

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі маркетинг және ақпараттық жүйенің дамуы мен жағдайы

М.А. Амирова

Осы жұмыста Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасындағы ақпараттық- маркетингтік жүйенің құрылуы мен қалыптасуы баяндалады. «Қазагромаркетинг» АҚ қызметіне талдау жасалған, сонымен қатар ауылдық ақпараттық- консультациялық орталықтарды жетілдіру мен тармақталған аймақтық желіні дамыту бойынша…

2015№3(59)Ғылыми мақала

Лингвокультурологиялық ерекшеліктер теоморфті (теоморфтілік) перри метафоралар

Ш.Т.Махмараимова

Бұл мақала теоморф метафора іргелі метафора ретінде қарастырылады ерекшеліктері қатынасы лингвокультурологик пікір кейбір баяндалған. Сонымен қатар, Алишер Навои, Бабурдың классикалық поэзиясының үлгісі, метафора семантикалық сипаты сипатталған.

2015№3(59)Ғылыми мақала

Әлеуметтік жарнама – әлеуметтік-мәдени дискурстың фрагменті ретінде

А.Ж. Кайрамбаева, Ф.Г. Турсынова

Аталған ғылыми мақалада әлеуметтік жарнама, әлеуметтік жарнама дискурсы терминдеріне анықтама берілген, оларға сәйкес сипаттамалар жазылған, сонымен қатар оның ерекшеліктері, қолдану аясы қарастырылған. Мақалада әлеуметтік жарнамалық дискурстың мақсаттары мен міндеттері айқындалды, негіздемелер бой…

2015№3(59)Ғылыми мақала

Урбаландырудың этномәдениет үрдістерге тигізетін әсері

Н.С. Сеитова

Мақалада урбаландырылу жағдайындағы әлеуметтік-мәдени құңдылықтар қарастырылады. Этномәдени үрдістердің даму тенденциялары сипатталады. Жұмыс барысында өткізілген лингвоәлеуметтік зерттеу негізінде этномәдени бағыттары және жеке ұлттық мәдени білім деңгейлері анықталады. Біздің ойымызша, антротопон…